10
қаңтар
2024
Абилдаева Лаззат Шілдебайқызы

1971 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1981 жылы Тамды орта мектебін аяқтадым.
Әкем Әбілдаев Шілдебай дүниеден өтті.
Анам Солағаева Сара – зейнеткер. Екі ағам, бір інім бар. Мен отбасымда үшіншімін.
1983 – 1988 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын» бітірдім.
1988 – 2001 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш мектеп оқыту» әдістемесі мамандығын бітірдім.
2017 жылы Тараз педагогикалық университетін бітіріп, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығын алдым.
Еңбек жолымды 1988 жылдан Алматы қаласында «Түскиіз» фабрикасында бастадым.
1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысыда, Қазығұрт ауданы, «Аққу» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқардым.
«Комсомол» орта мектебінде, Тараз қаласында №32 орта мектепте№ №15 мектеп – гимназиясында оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2014 жылдан 2022 жылдың 16 маусымына дейін Тараз қаласындағы №7 бөбекжай – бақшасының меңгерушісі болып жұмыс атқардым.
Қазіргі таңда №12 бөбекжай – бақшасында меңгеруші қызметін атқарып отырмын.
Жолдасым – Шалқаров Бейсебек – кәсіпкер. Екі қыз, екі ұл тәрбиелеп, 6 немере сүйіп отырмын.
Педагогикалық еңбек өтілім – 30 жыл.
Мекен – жайым: Тараз қаласы, 1 бұрылыс, Зеленый көшесі, №8 үй.