Консультациялық пункт » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Консультациялық пункт
31
тамыз
2022

Консультациялық пункт

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ  АТА-АНАЛАРЫНА   АРНАЛҒАН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ   ПУНКТ


Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың базасында мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған ерте жастағы балаларға арналған консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

әр баланың сапалы және қолжетімді білім алу құқығын іске асыру;

 - ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайларына табысты бейімделуі үшін жағдай жасау;

          - балалардың толыққанды дамуын, олардың құрдастары мен ересектер ортасындағы қарым-қатынаста әлеуметтенуін қамтамасыз ету;

- нәресте және ерте жастағы балалары бар ата-аналарға көмек көрсетуге бағытталған мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын дамыту;

- мектеп жасына дейінгі балаларды күтіп-бағу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

- баланың жасына сәйкес психикалық процестері дамиды;

- балабақша жағдайларына бейімделеді, бұл ерте жастағы балаларға дербес және өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді;

- балаларды ерте әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі;

- отбасында баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі артады;

Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттердің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар, консультациялық пункттерді ашу тәртібі,  балаларды дамытудың негізгі кезеңдері, жұмыс жоспары және т. б. ұсынылған.

Әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтеріне және ата-аналар қауымдастығына консультациялық пункттер арқылы ерте жастағы балаларды табысты күтіп-бағу, тәрбиелеу және дамытуға ықпал етеді.












НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

ЖӘНЕ 1 ЖАСТАН БАСТАП 

БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ

НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ


   Мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункт қызметін ұйымдастыруда қолданыстағы келесі нормативтік құқықтық базаға бағдар жасалуы тиіс:

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 
  1.   «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

          3.  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

          4.«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы;

          5.    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі;

          6. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы;

          7. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы;

       8. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығы












«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің «№12 бөбекжай-бақшасы» МКҚК»

мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы


№________шарт



«_______»__________20___ж.

__________________________________мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі атынан   №__________________ мектепке дейінгі ұйым бір тараптан және  __________________________________ анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлға), бұдан әрі «Ата-ана» деп аталады, келесі тараптан төмендегі мазмұнда осы Шартты жасады:

1. Мектепке дейінгі ұйым міндеттенеді:

1.1. Ата-анасының өтініші негізінде баланы МДҰ-ның консультациялық пунктіне есепке алу.

1.2. Баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды, оның зияткерлік, дене және жеке дамуын қамтамасыз етуге; баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, оған деген жеке әдісті жүзеге асыруға, баланың эмоциялық игілігіне қамқорлық жасауға.

1.3. Заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыру (үй-жайлар, жабдықтар, оқу-көрнекі құралдар, ойындарға арналған материалдар).

1.4. Баланың әрекетін жасына, жеке ерекшеліктеріне, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастыру.

1.5. Мамандар қызметін ұсыну

1.6. Бала ауырып қалғанда, сондай-ақ ата-анасы (заңды өкілі) дәлелді себептермен (ауруы, іссапар және т.б.) демалыста және уақытша болмаған жағдайда балабақшаның кеңес беру пунктінде баланың орнын сақтау.

1.7. МДҰ-ның консультациялық пунктінде болған кезеңінде бала мүлкінің пунктте сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

1.8. Ата-анаға (заңды өкілге) баланы тәрбиелеу мен оқытуда, оның дамуындағы ауытқуларды түзетуде білікті көмек көрсету.

1.9. Осы Шартты сақтау.

2. Ата-ана міндеттенеді:

2.1. Осы Шартты сақтау.

2.2. Баланың алдағы уақытта болмауы туралы балабақшаға хабарлау (демалыс, ауру және т.б.).

2.3. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша МДҰ консультациялық пунктімен өзара әрекеттесу, бірлескен іс-шараларға белсенді қатысу.

3. Мектепке дейінгі ұйым құқылы:

3.1. Баланың консультациялық пунктте одан әрі болуына кедергі келтіретін баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болған кезде, баланы шығарып жіберуге.


3.2. Ата-анасы (заңды өкілі) өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, оған бұл туралы 10 күн бұрын хабарлап, осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

4. Ата-ана құқылы:

4.1. Балабақшаның консультациялық пунктінде балалармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

4.2. Консультациялық пункттің жұмысы туралы есептерді тыңдау.

4.3. Мектепке дейінгі ұйым басшысына бұл туралы алдын ала 10 күн бұрын хабарлай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу.

5. Шарттың қолданылу талаптары.

5.1. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап қолданылады, тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

5.2. Шартқа өзгерістер, толықтырулар Шартқа қосымша түрінде ресімделеді.

6. Тараптардың жауапкершілігі.

6.1. Тараптар міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауапты.

7. Шарттың қолданыс мрезімі ______________ - _______________ аралығында.

8. Шартқа қол қойған тараптар:


 МДҰ меңгерушісі________ 

ТАӘ_________________________

_____________________

М.О.(қолы)


«___»____________20___ж.


Ата-ананың (заңды өкілдің) ТАӘ_________________


Мекенжайы________________________

__________________/___________

(қолы)

«___»____________20___ж.

















Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын 1 жастан асқан балалардың ата - аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін консультациялық пункт құру жөніндегі

нұсқаулық 


1. Жалпы қағидалар


1.1. Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің «№12 бөбекжай-бақшасы» МКҚК»

 ұйымындағы ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункт қызметін регламенттейді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әдістемелік, педагогикалық, консультациялық көмек көрсету бойынша консультациялық пункт (бұдан әрі - КП) құру тәртібін және оның қызметін айқындайды.

1.2. КП мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін құрылады.

1.3. КП мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымның құрылымдық бірлігі болып табылады.


2. Мақсаттары мен міндеттері


2.1. Қызметтің мақсаты мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған   балалардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру болып табылады. 

Негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

- баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсету және олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу;

- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көмек көрсету;

- баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оған білікті көмек көрсететін мектепке дейінгі ұйымдар туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) хабардар ету.


                                  3. Қызметті ұйымдастыру  


3.1. КП мектепке дейінгі ұйым базасында басшының бұйрығы негізінде қажетті санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, кадрлық қамтамасыз ету қағидаларын сақтау, қажетті бағдарламалық-әдістемелік материалдар болған кезде құрылады.

3.2. Жұмысқа жалпы басшылық жасау мектепке дейінгі ұйымның басшысына жүктеледі.


3.3. КП МДҰ басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) педагогикалық көмекті ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйым мамандарының (әдіскер, тәрбиеші, логопед, медбике, музыка жетекшісі, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, педагог-психолог және басқалар) қызметін кіріктіру негізінде құрылады. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруді бір мезгілде бір немесе бірнеше маман жүргізуі мүмкін. Мамандардың жұмыс режимін мектепке дейінгі ұйымның жұмыс режиміне қарай МДҰ басшысы дербес айқындайды.

3.5. Консультациялық қызметтерді алу үшін ата-аналардан (заңды өкілдерден) төлем алынбайды. 

3.6. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) көмек көрсетудің негізгі нысандары:

- онлайн және офлайн консультациялар ата-аналардың өтініші бойынша жүргізіледі және барлық отбасы мүшелерінің тәрбиесіндегі балаға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, педагогикалық мәдениетті қалыптастыру бойынша оларды педагогикалық ағартуға бағытталған;

- ата-аналардың (заңды өкілдердің) қатысуымен баламен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;

- баламен өзара әрекеттесу тәсілдерін үйрету мақсатында, ата-аналармен және олардың балаларымен бірлескен сабақтар өту;

– мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын тарта отырып, шеберлік сыныптарын, тренингтер, практикалық семинарлар (бекітілген кестеге сәйкес) өткізу.

3.7. Шеберлік сыныптарын, теориялық және практикалық семинарларды ұйымдастыру ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері, тәрбиелік ықпалдың негізгі бағыттары, дағдарыстық жағдайларды еңсеру бойынша педагогикалық кеңес беру мақсатында жүргізіледі.

3.8. Әдістемелік, консультациялық көмек алу үшін ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарға жеке немесе телефон арқылы жүгінеді.

3.09.Көрсетілген тақырыпқа сүйене отырып, әкімшілік кеңес беру үшін қажетті ақпаратты толық меңгерген маманды жұмысқа тартады.

3.11. КП қызметі шеңберінде консультациялық көмек ата-аналардың (заңды өкілдердің) осы қызметке қажеттілігінің болмауына байланысты тоқтатылады.


                 4. Консультациялық пункт қызметін бақылау


4.1. КП жұмысына тікелей бақылауды мектепке дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады.

4.2. КП қызметі туралы есеп балабақшаның педагогикалық кеңесінің қорытынды отырысында тыңдалады.





Ата-аналарға арналған «Өз балаңызды білесіз бе?» сауалнамасы

                                  Құрметті ата-аналар!


Балаңызды тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымның педагогтарымен тиімді өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мақсатында, осы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруді ұсынамыз.

Сауалнаманы толтыру:

ана;

әке;

отбасының басқа мүшесі

_____________________________________________________________

Баланың жасы (толық) _________________________________________________________________

Бала кіммен бірге тұрады? (отбасы құрамы) __________________________________________________________________

Бала қандай ауруларға шалдыққан, оның созылмалы аурулары бар ма? __________________________________________________________________

Сіздің отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады? __________________________________________________________________

Бала қарым-қатынас барысында отбасы мүшелерінің қайсысын таңдайды? __________________________________________________________________

Бала үйде не істегенді ұнатады (ойнау ,сурет салу, үй жануарларына күтім жасау және т. б.)?

_____________________________________________________________

Балаңызға келесі әрекеттер ұнай ма?:

сурет салу;

дене шынықтырумен айналысу;

ән айту, музыка ойнау;

қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау;

әңгімелер, ертегілер тыңдау;

әр түрлі тапсырмаларды өз бетінше және ересектермен бірге орындау;

басқа балалармен ойнау;

ойыншықтарды жинау;

серуендеуге шығу;

өсімдіктерді, жануарларды, жәндіктерді бақылау;

азық-түлік дүкеніне бару;

драматургияға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу.

Баланың сүйікті ойыншықтары бар ма? Қандай? __________________________________________________________________

Неліктен, сіздің ойыңызша, бала дәл осы ойыншықтарды ерекше жақсы көреді? _________________________________________________________________

Сіз балаңызбен бірге ойнайсыз ба? _______________________________________________________________

Ойын барысында сіз бала ұсынған ережелерді қабылдайсыз ба әлде өз ережелеріңізді   ұсынасыз ба? __________________________________________________________________

Үйде баламен дамытушы сабақтар өткізіледі ме. Қандай? __________________________________________________________________

Күнделікті өмірде балаңызды қалай атайсыз? __________________________________________________________________

Балаңызды жиі мақтайсыз ба? Не үшін? __________________________________________________________________

Балаңызды қаншалықты жиі жазалайсыз? Не үшін? __________________________________________________________________


Балаңыздың қандай жағымды қасиеттерін атай аласыз? __________________________________________________________________

Балаңыздың қандай мінез-құлқы сізді алаңдатады? __________________________________________________________________

Балаңызда қорқыныш бар ма? Қандай? __________________________________________________________________

Балаңызды қабілетті деп санайсыз ба? __________________________________________________________________

Балаңыз, атап айтқанда, қандай қабілеттерді көрсетеді? __________________________________________________________________

Балаңыз үйде және үйден тыс жерде өзін қалай ұстайды? __________________________________________________________________

Сіз баланы тәрбиелеу барысында қиындықтарға ұшырайсыз ба? __________________________________________________________________

Мектепке дейінгі ұйымның қандай мамандарының көмегін алғыңыз келеді:

тәрбиеші;

логопед;

музыка жетекшісі;

дене шынықтыру нұсқаушысы;

педагог-психолог

_____________________________________________________________


Ынтымақтастығыңыз үшін рақмет!
















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив