Конкурс өткізу туралы » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс өткізу туралы
01
желтоқсан
2023

Конкурс өткізу туралы


КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданы, №37 үй.

Пошталық мекен – жайы: ds12@mail.rudetsad12@mail.kz.

Телефон нөмірі: 8(7262) 34-78-99.

Мекеме атауы:  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№12 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».

Уақытша бос лауазым атауы: логопед, тұрақты.

Еңбек ақы мөлшері: 1 штаттық бірлік – 115000 ( жүз он бес мыңнан жоғары).

Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
  2. психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын(психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;
  3. ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

  1. жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
  2. өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
  3. әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  4. ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  6. тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Логопед – дефектолог», жоғары білімді, біліктілігін растайтын сертификат.

Құжат тізбесі:

  • 1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  •       2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  •       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  •      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  •       5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  •       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  •      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
  •      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  •  10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  •      11)16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  •       12тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыруұзақтығы кемінде 10 минутең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 01.12. – 11.12.2023 ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив