Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
«№12 бөбекжай – бақшасындағы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметі туралы ереже» «№«№12 бөбекжай – бақшасында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру үшін ҚР антикоррупциялық заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді.
Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – мақсаты ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын ұйымның құрылымдық бөлімшесіне жүктелетін функция;
2) мүдделер қақтығысы – лауазымды адамның жеке мүдделері оның лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңдарда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген әрекет немесе әрекетсіздік;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін жағдайлардың туындауы;
5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жауапты адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға итермелейтін себептерді зерделеу, анықтау және жою жөніндегі қызметі (алдын алу шараларын әзірлеу және енгізу).
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің негізгі мақсаты – ұйымның және оның қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттері:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
3) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін іске асыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қағидаттары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне басшылықтың мүдделілігі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалаудың тұрақтылығы;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне келесі функциялар жүктелген:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттарды әзірлеу және өзектендіру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
4) мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
5) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген қызметкерлердің заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;
6) корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;
7) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексін (болған жағдайда) сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз етуге міндетті;
10) сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу,
11) ұйым қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;
12) ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді қадағалау және талдау;
14) ұйым жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік этика мен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті сақтауын көздейтін ережелерді енгізуді қамтамасыз ету.
4-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құқықтары мен міндеттері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай құқықтар мен міндеттер беріледі:
1) ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген, бекітілген рәсімдер шеңберінде қызметкерлерден ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өз құзыретіне жататын мәселелерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі есеп беретін басшының немесе өзге тұлғаның қарауына шығаруға бастамашылық жасау;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасау;
4) мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды өз құзыреті шегінде іске асыруға қатысу;
5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған ұйым туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүгінген адамдардың сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге ішкі саясаттар мен рәсімдер бойынша құпиялылығын қамтамасыз ету;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі есеп беретін басшыны немесе өзге де адамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
5-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру туралы шешімді басшы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру туралы бұйрық «№12 бөбекжай – бақшасының» ресми интернет-ресурсында орналастырылады және ұйымның барлық қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыруға тартылған қызметкерлердің саны «№12 бөбекжай – бақшасының» штат санына байланысты айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау жүктелген жауапты тұлғаға есеп береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметкерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі оның лауазымдық нұсқаулығында не қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын өзге де құжаттарда айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ақпараттандыру арнасын – сенім телефонын - 8-(7262)-34-78-99) құрды, ол бойынша азаматтар ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алады не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкері мүдделер қақтығысына (жүргізілетін іс-шара шеңберінде қаржылық, мүліктік, туыстық немесе қандай да бір өзге мүдделіліктің болуы) әкеп соғуы мүмкін іс-шараларға (тексерулерге, қызметтік тергеулерге және т. б.) қатыспайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылданған сәттен бастап, басқа лауазымға тағайындалған кезде, сондай-ақ біліктілігін арттырған кезде (жылына кемінде 1 рет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына жүйелі оқытуды қамтамасыз етеді.
Оқыту нысандарын өткізу әдістерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет дербес айқындайды (дәрістер, семинарлар, тренингтер).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдістемелік және ақпараттық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар бойынша есеп береді:
1) тоқсан сайын – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі есеп беретін адамға, сондай-ақ ұйым басшысына;
2) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұйымның ресми интернет-ресурсына орналастырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Ереже, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі және ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді.