"Тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары" » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары"
09
желтоқсан
2021

"Тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары"


[media=https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=649240032757364&id=100030141180183]

🔰ҚХА-ның биылғы жылғы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, балаларға ассамблея, бейбітшілік, достық, толеранттылық деген түсініктердің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, Қазақстан этностары туралы деңгейлеріне шақ дәріс беру маңызды екеніне назар аударды. Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚХА, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші болып балабақшадан бастап балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Ассамблея бөбектері»📌пилоттық жобасын қолға алды.
Жобаны іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына🇰🇿арналған «Ассамблея бөбектері – тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар - Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ Баспасөз қызметі орталығы.
♦️Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа ел Тәуелсіздігінің маңыздылығын түсіндіру, халық бірлігін нығайту, ынтымақты сақтау және балалар арасында этносаралық келісімді дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу.📌
Шараны ойдағыдай өткізуге ең басты қолдау көрсеткен қатысушылары -Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің "№12 бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері мен бүлдіршіндері📌. Сонымен бірге, жас жеткіншектерге үлгі-өнегесімен бөліскен Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және ассамблея жастары да жиында өз үлестерін қосты.
"Қоғамдық келісім" КММ басшысы Парида Мамедова📌 өзінің құттықтау сөзінде: - Бұл іс-шара пилоттық режимде "Ассамблея бөбектері" жобасы ретінде өтуде. Біз бұрын-соңды болмаған акцияны бастадық. Достық үйінің қабырғасындағы бала-бақшалардың тәрбиеленуші бүлдіршіндері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа ілім алуда. Бала кезінен бастап бейбітшілік, келісім, толеранттылықта өмір сүру керек екенін әрбір жас ұрпақ біліп өсуі керек. Қандай этникалық топтың баласы болмасын, ол барлық этностармен таныс болып, және олардың салт-дәстүр, мәдениеті туралы білуі өте маңызды, - деп атап өтті.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің "№12 бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Балалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өлеңдерін оқып, әр ұлттың киімінде өздерінің этносы туралы айтып берді. Бұған қоса, балалар хорының орындауында "Көк туым", "Менің Қазақстаным", "Тәуелсіздік", "Балғын шағым" әндері шырқалды. Сонымен қатар, "Батырлар", "Текемет"билері орындалып, елгезек бүлдіршіндер көрермендердің көзайымына айналды.
Шара барысында "№12 бөбекжай-балабақша" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің меңгерушісі Марфуға Балтабаева ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұл ретте Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Мухаббат Миражапова, Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Тараз қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Әбдірахман Зайнутдинов, облыстық "Вынхуа" дүнгендер қауымдастығының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Идрис Юнусов та балалардың өнеріне риза боп, кішкентай бүлдіршіндер мен соларды дайындап әкелген бала-бақша басшысы мен тәрбиешілеріне зор алғыстары мен құттықтау сөздерін жаудырды.
Іс-шара аталмыш мекемелердің бір-бірін марапаттауымен және естелік- фотосессиямен аяқталды.

📍Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
Қоғамдық келісім "КММ
Баспасөз қызметі орталығы
#ҚРтәуелсіздігіне30жыл🇰🇿

🇰🇿Новое поколение Независимости👥

🔰На расширенное заседание АНК Президент РК Касым-Жомарт Токаев акцентировал внимание на патриотическом воспитании подрастающего поколения, на том, что важно как можно раньше объяснять детям, что такое ассамблея, мир, дружба, толерантность, рассказывать об этносах Казахстана, об АНК.
Жамбылская область первой начала реализовывать пилотный проект «Ассамблея бөбектері»📌, направленный на работу с детьми, начиная с детского сада.
В целях реализации данного проекта 8 декабря 2021 года в «Қоғамдық келісім» состоялось мероприятие «Ассамблея бөбектері – новое поколение Независимости», посвященное 30-летию Независимости Республики Казахстан🇰🇿. Организаторами выступили Ассамблея народа Казахстана Жамбылской области, пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики акимата Жамбылской области.
♦️Цели – разъяснение молодому поколению важности независимости страны, укрепление, сохранение единства народа и популяризация межэтнического согласия среди детей, воспитание патриотизма.
Среди участников мероприятия – сотрудники и воспитанники государственного коммунального казенного предприятия «Ясли-сад №12» отдела образования города Тараз управления образования акимата Жамбылской области, представители этнокультурных объединений Жамбылской области и молодежь ассамблеи.
С приветственной речью выступила руководитель КГУ «Қоғамдық келісім» Парида Мамедова:📌
-Данное мероприятие в пилотном режиме проходит как проект «Ассамблея бөбектері». Мы начали пока еще беспрецедентную акцию: воспитанники детских садов в стенах Дома Дружбы получают новые знания об Ассамблеи народа Казахстана. Дети с детства должны знать, что нужно жить в мире, согласии, любви, созидании. И без разницы из какой этнической группы он будет, очень важно знать о традиции, культуре всех этносов.
Далее состоялась концертная программа с участием воспитанников государственного коммунального казенного предприятия «Ясли-сад №12» отдела образования города Тараз управления образования акимата Жамбылской области. Дети декламировали стихи, посвященные 30-летию Независимости Республики Казахстан, рассказали про свой этнос. В исполнении детского хора прозвучали песни «Көк туым», «Мой Казахстан», «Независимость», «Детство». Были исполнены танцы «Батырлар», «Текемет».
В завершении концертной программы заведующая государственным коммунальным казенным учреждением «Ясли-сад №12» Марфуга Балтабаева поблагодарила всех организаторов мероприятия. Также выступили председатель Совета матерей АНК Жамбылской области, член областного Узбекского этнокультурного объединения Мухаббат Миражапова, член Совета старейшин АНК Жамбылской области, председатель Узбекского этнокультурного объединения города Тараз Абдрахман Зайнутдинов, председатель Совета старейшин областной ассоциации дунганов «Вынхуа» Идрис Юнусов. В своих выступлениях представители региональной ассамблеи выразили слова благодарности и поздравления руководителю и воспитателям детского сада, которые подготовили и привезли маленьких детей на данное мероприятие.
Мероприятие завершилось награждением и памятной фотосессией этих учреждений.

📍Пресс-центр КГУ «Қоғамдық келісім»
УВП акимата Жамбылской области

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив