Тәрбиешіні жұмысқа қабылдау туралы хабарлама
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданы, №37 үй.
Пошталық мекен – жайы: ds12@mail.ru, ds12@mail.kz.
Телефон нөмірі: 8(7262) 34-78-99.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№12 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, уақытша.
Еңбек ақы мөлшері: 1,1 штаттық бірлік – 192000 ( жүз тоқсан екі мыңнан жоғары).
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
2. Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
3. Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс – шараларды үнемі мед.бикемен бірлесе атқарады;
4. Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
5. Оқу іс – әрекетіне жан – жақты дайындалады;
6. Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
7. Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;
8. Балабақша меңгерушісі мен мед.бикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;
9. Балабақшаджа жүргізілетін аурудың алдын – алу егулері жайлы ата – аналармен жұмыс жүргізеді;
10.Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
11.Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
12.Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс – тәжірибесін ендіреді;
- Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», жоғары білімді, біліктілігін растайтын сертификат.
Құжат тізбесі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 02.09.2024 ж. – 10.09.2024 ж.