Конкурс өткізу туралы хабарландыру » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс өткізу туралы хабарландыру
05
шілде
2023

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданы, №37 үй.

Пошталық мекен – жайы: ds12@inbox.rudetsad12@mail.kz.

Телефон нөмірі: 8(7262) 34-78-99.

Мекеме атауы:  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№12 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».

Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, қазақ тобына, тұрақты.

Еңбек ақы мөлшері: 1,1 штаттық бірлік – 105000 ( жүз бес мыңнан жоғары).


Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;

2.     Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;

3.     Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс – шараларды үнемі мед.бикемен бірлесе атқарады;

4.     Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

5.     Оқу іс – әрекетіне жан – жақты дайындалады;

6.     Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;

7.     Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;

8.     Балабақша меңгерушісі мен мед.бикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;

9.     Балабақшаджа жүргізілетін аурудың алдын – алу егулері жайлы ата – аналармен жұмыс жүргізеді;

10.Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;

11.Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;

12.Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс – тәжірибесін ендіреді;

  1. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.                           


Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,  жоғары білімді, біліктілігін растайтын сертификат.

Құжат тізбесі:

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

     11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.


Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 05.07. – 13.07.2023 ж.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив