Хабарландыру қазақ тілі пәні мұғалімі қажет » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру қазақ тілі пәні мұғалімі қажет
28
шілде
2022

Хабарландыру қазақ тілі пәні мұғалімі қажет

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!


Орналасқан жері: Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданы, №37 үй.

Пошталық мекен – жайы: ds12@mail.ruds12@mail.kz.

Телефон нөмірі: 8(7262) 34-78-99.

Мекеме атауы:  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№12 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».

Уақытша бос лауазым атауы: Қазақ  тілі  мұғалімі.Тұрақты орын.

Еңбек ақы мөлшері: 0,75 штаттық бірлік – 90000 ( тоқсан мыңнан жоғары).


Негізгі лауазымдық міндеттері: 

      -оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

     - қазақ  тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

      -мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

      -оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;

     - жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;

     - бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

     - әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;

     - тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

     - ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.

        Білуге тиіс: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 

      педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптар;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

      дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері.


Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша  «Қазақ  тілі мен әдебиеті»,  жоғары білімді.

Құжат тізбесі:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;

-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-«Десаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы  туралы анықтама;

-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

-Наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Біліктілік тестілеу сертификаты;

  • Түйіндеме. 


Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 28.07. – 05.08.2022 ж.  












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив