«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындардың рөлі» кеңес » №12 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№12 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-78-99
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-13-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындардың рөлі» кеңес
26
қараша
2024

«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындардың рөлі» кеңес

«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындардың рөлі» кеңес

                                                                                                     Әдіскер- А.АБутабаева

 Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын – бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды. Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарымқатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысамын. Сөздік-қимылды ойындар, мақалмәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқадым. Математика сабақтарында қолданған “Кім тапқыр?”, “Сиқырлы сандық”, “Қай сан жоқ?”, “Тез жина”, “Қай пішін жоқ?” сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғардым. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді. Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырамын. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды. Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжеттірөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отырамын. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді. Баланы әлеуметтік ортаға бейімделуде желілі-рөлді ойындардың маңызы. Ойын –бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Желілі-рөлді ойындардың ерекшелігі сол,оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа болуы мүмкін. Сюжетті-рөлді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекет- теріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне елік- тейді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызың жоғары бағалай келіп, А.С. Мака- ренко былай деп жазады. «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Соңдықтан келешекке қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынас бейнелеуі болып табылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив